Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актер Бен Стиллер қатерлі ісік ауруына шалдықты

Американдық актер Бен Стиллер қатерлі ісік ауруына шалдыққанын мойындады.

51bc161f5b60c440463a15465b17b995

Қауіпті диагноз актерге осыдан екі жыл бұрын қойылған. Дәрігер-хирургтар американдық әртіске ота жасап, ісікті сәтті алып тастады, деп хабарлады NME.

«Мен үшін күтпеген жағдай болды. Шыны керек, не істерімді білмедім. Алда не күтіп тұрғанын білмейсің, қатты қорықтым. Қатерлі ісік өмірді тоқтатып қойғандай болды, себебі түсірілім жұмыстарын да жоспарлай алмадым», – деді актер.

Стиллер енді үнемі дәрігерлердің бақылауында болады. Ол барша ер адамдарға уақытында дәрігерге қаралып, простатаны тексеріп тұруға шақырды.

«Өлімге дейін апаратын екінші қатерлі ісік түрі осы. Дегенмен де оны да жеңіп шығуға болады», – дейді 50 жастағы актер.

Айта кетейік, Бен Стиллер көбінесе комедиялық жанрдағы фильмдерде ойнайды. Ол «Образцовый самец», «Знакомство с Факерами», «Ночь в музее», «Солдаты неудачи» және «Невероятная жизнь Уолтера Митти» фильмдеріндегі образдарымен танымал.

Жіберіп алмаңыз:

Хакерлер Брэд Питтің қайтыс болғаны жайлы жалған ақпарат таратып вирустар жіберуде

БҰҰ басшысы болуға ұмтылған Джоли Брэд Питтің көңілін суытқан

Голливуд жұлдызын әуежайда фри-картобын ұрлап жатқан жерінен ұстап алды

Ди Каприо Марсқа ұшуға дайындалуда

 

Талқылау