Ақтаулық әйел үйін жәндіктерден залалсыздандырамын деп екі көршісін улап өлтірді
Ақтауда екі адам белгісіз иістен уланып көз жұмып, тағы алтауы ауруханаға шұғыл түрде жатқызылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ақтау тұрғыны көршілерін ескертпей, жәндіктерді өлтіруге арналған "Квикфос" препаратымен үйін залалсыздандырмақ болған. Салдарынан көрші пәтерде қызы мен анасы иістен уланып көз жұмды. Аталмыш оқиға бойынша сот сараптамасы тағайындалды", - деді қоғамдық коммуникациялар орталығы.
Қазіргі таңда оқиға бойынша тергеу басталып кетті.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында әйел мен оның төрт баласы көз жұмғаны айтылған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"