Ақтаудағы митингке шыққандар үш негізгі талап қойды
Ақтауда газ бағасына байланысты Ынтымақ алаңындағы митингіге 500-ге жуық адам жиналыпты. Олардың көбі ер адамдар.Полиция әкімдікке баратын жолдарды күзетіп тұр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алаңда жүздеген адамға арналған үлкен киіз үй және кішкентай шатыр құрылған. Киіз үйде үстел үстінде нан, бауырсақ, самса, су және шай тұр.
Митингіге шыққандар үш негізгі талап қойды:
- газдың бағасын литріне 50 теңгеге дейін төмендету;
- кен орындарына жаңа қызметкерлерді қабылдауға мораторийді жою;
- азық-түлік бағасын төмендету.
Наразылық білдірушілер түні бойы алаңда болған.
Басылымның хабарлауынша, қала орталығында мобильді интернет жоқ. Такси шақыру мүмкін емес, мессенджерлерге хабарлама жібере алмайсыз, айналадағы кафелер мен мейрамханаларда карта немесе аударым арқылы төлеу мүмкін емес, тек қолма-қол ақшамен.
2 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында жүздеген көлік иелері көшеге шыққан болатын. Олар жиындарда 1 қаңтардан бастап литрі екі есе қымбаттаған сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап етті.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"