Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаудағы ХҚКО қызметкерлері жаппай жұмысқа шықпай қойды

Ақтаудағы ХҚКО қызметкерлері жаппай жұмысқа шықпай қойдыФото: Видеодан скрин

Ақтаудағы Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жұмысқа шықпй қойды. Олар осылайша өз басшыларының жұмыстан шығарылуына наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қызметкерлердің айтуынша, бір клиенттің шағымынан кейін басшыны қызметінен алып тастаған. Сондықтан Халыққа қызмет көрсету орталығына келген қала тұрғындарына ешкім қызмет көрсетпеді. 

“Үшінші Б, ешкім жұмыс істеп жатқан жоқ. Сағат 9:40. Жұмыс орынында ешкім жоқ”, – деп видео жариялады келушілердің бірі.

Бастапқыда ешкім не болып жатқыны түсінбеді. Кейін орталық қызметкерлері видео үндеу жариялады.

Олар бөлім басшысының жұмыстан шығарылуын әділетсіз деп санайтынын мәлімдеді. Филиал әкімшілігі мамандардың шынымен жұмысқа шықпағанын растады. Дегенмен олармен түсіндіру жұмысы жүргізіліп, қызметкерлер өз міндеттеріне оралды. Басшының қайта тағайындалғаны немесе тағайындалмағаны белгісіз.

“Филиал басшылығы оқиға орнына барып, қызметкерлермен түсіндіру жұмысын жүргізді. Сағат 10:45 шамасында қызметкерлер жұмыс орындарына оралды, азаматтарға қызмет көрсетіліп жатыр. Қазір бөлім штаттық режимде жұмыс істеп жатыр”, – деді Маңғыстау облысы бойынша “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Айбек Мұзбаев.

Айым Болатқызы
Жұма, 06 Наурыз, 2026 11:20