Ақтауда жылжымалы хайуанаттар бағының иесіне айыппұл салынды
Ақтауда еріктілер бірнеше рет шағымданған жылжымалы хайуанаттар бағы тексерістен өтті. Нәтижесінде хайуанаттар бағының иесіне 110 760 теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Lada.kz порталынан
Тексеру кезінде мамандар құзыреті шегінде қандай да бір заң бұзушылықтарды таппады.
"Жабайы жануарларда ветеринарлық анықтамалар, төлқұжаттар бар. Олар екпе алған", - деп хабарлады инспекция.
Алайда, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметтері бойынша, жануарлармен жауапты қарым-қатынас саласындағы заңнама бұзылған. Сол үшін хайуанаттар бағының иесіне (әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 407-2-бабы) 30 АЕК-ке дейін (110 760 теңге) айыппұл салынады.
Еске салсақ, табиғатты қорғау прокуратурасы Ақтаудағы жылжымалы хайуанаттар бағында жануарларды ұстауға қатысты тергеу жүргізгенін хабарлаған едік. Еріктілер мұнда жануарларды лайықты деңгейде ұстамайтынын айтып шағымданды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген