Ақтауда жылу желілеріндегі апат салдарынан бала қатты күйік алды
Ақтауда жылу трассасында болған апатты жағдайдың салдарынан бала ауыр күйік шалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Lada.kz
Оқиға 4 наурыз сағат 19:30 шамасында 15-шағын аудандағы №13 үйдің жанында болған.
Апатқа жылу желілеріндегі мұз бен ескірген құбырлар себеп болды.
“15-ықшамаудандағы №13 үйдің ауданындағы кәріз құбырынан жарылған ыстық суға ұлымның белі күйіп қалды. Ол реанимацияда жатыр. Кешке ауруханадан келсем, суды өшіріп қойған екен, жөндеу жұмыстарын істеп жатты. Баланы құтқарып жатқанда судың қысымын реттейтін шама болмады. Бірақ біздің балаларымыз соның салдарын көрген емес. Бұл оқиғаға жауапты біреу болуы керек деп есептеймін. Бұл – немқұрайлық”, – деді әйел.
“Каспий жылу, су арнасы” мемлекеттік кәсіпорны баспасөз қызметінің хабарлауынша, компания мамандары оқиға болған соң бұл туралы ақпарат алған.
“Әрине, күні бойы су ағып жатқан жоқ және ешкім назар аудармады. Біз сигнал түскен бойда апат орнына жол тарттық. Мамандарымыз түні бойы зардаптарды реттеді. Олар қоршау орнатты. Бұл жылу желісіндегі ақау екен. Олар таңғы 00.04-ке дейін жұмыс істеді. Қазір қазу және абаттандыру жасалып жатыр”, – деп хабарлады ұйым.
Еске салсақ, бұған дейін Талдықорғанда ерекше бала жарық өшкеннің кесірінен өліп қала жаздаған еді.