Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда теңіз портының басшысына қатысты сот процесі басталды

Фото: Ақтау халықаралық теңіз сауда порты

Ақтауда теңіз портының президенті Абай Түрікпенбаевтың соты басталды. Іске тағы үш адам қатысып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақтау теңіз портының президенті осы жылдың мамыр айында ұсталды.

Сот алдында Түрікпенбаев жалғыз емес, тағы үш фигурантпен бірге жауапқа тартылды. Олар: 

Ахмад Мустафин – “Ақтау халықаралық теңіз сауда порты” акционерлік қоғамының коммерциялық жұмыстар жөніндегі атқарушы директоры. Ол алаяқтық жасады деп айыпталып отыр;

Бақытбек Бақтыбаев – порттың кәсіподақ мүшесі. Қылмыстық кодекстің 361-бабы (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) бойынша жауапқа тартылып жатыр;

Мақсат Нұркен – Қылмыстық кодекстің 361-бабы (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) бойынша айыпталып отыр.


Ақтаудағы 300 миллион долларлық жаңа теңіз портын қытайлық компания салады


Ал Абай Түрікпенбаев Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша айыпталып отыр:

Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық);

Қылмыстық кодекстің 361-бабы (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану).

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті теңіз портының президенті қызмет бабын асыра пайдалануға қатысты күдікке ілінгенін хабарлаған еді. Ол 2025 жылдың көктемінде ұсталды. Түрікпенбаев 2017 жылдан бері еліміздегі ең ірі теңіз портын басқарып келеді.

Ақтау порты Қазақстанның “батыс қақпасы” деп аталады. Ол арқылы жыл сайын 3,5 миллион тоннадан астам мұнай, астық, металл және өзге де экспорттық жүктер тасымалданады.

 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 03 Желтоқсан, 2025 09:15