Ақтауда тегін құлаққап таратылып, халық бірін-бірі таптап тастады (видео)
Ақтауда тегін затқа таласып, бір-бірін таптаған жұртшылық видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақтаудағы ұялы телефондар дүкенінің иесі 100 AirPods, 100 телефон қаптағыш және телефонға арналған 100 әйнекті тегін таратқан. Соған балалар мен жасөспірімдер таласып, соңы дүрбелеңге айналды. Таласқан халықтың арасында кейбірі қысылып қалған.
Маңғыстау облысының полиция департаментінің мәлімдеуінше, ұялы телефон компаниясы әкімдікке шара өткізетіні туралы хабарламаған. Сол үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Еске салсақ, Өзбекстанда қоғамдық шараларда тегін зат таратуға тыйым салынған.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"