Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрегі тоқтап қалған: Ақтауда жарыс кезінде көз жұмған жасөспірімнің жаттықтырушысы мән-жайды айтты

Ақтаудағы Nomad MMA турнирі кезінде 17 жастағы спортшы қаза тапты. Қайғылы оқиға татами үстінде болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AstanaTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: кадрдан скриншот

Кадрлардан жігіттің жекпе-жек кезінде өзін нашар сезінгенін байқауға болады. Қарсылас соққысынан бір секунд бұрын ол тепе-теңдігін жоғалтты.

Жаттықтырушының айтуынша, қайғылы жағдайға дейін спортшы бірінші жекпе-жекте 20 секундта жеңіске жеткен. Ол екінші жекпе-жектің екінші раундының ортасында өзін нашар сезіне бастап, жүрегі айнып тұрғанын айтқан. “Жағдайың қалай және ары қарай жекпе-жекті жалғастыра аласың ба” деген сұраққа ол дайын екенін айтты. Жаттықтырушының сөзінше, алдын-ала дерек бойынша, оның жүрегі тоқтап қалған.

Марқұм кикбоксингтен әлем чемпионы болған. Полиция абайсызда болған өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

“Қазір шығамын да, бірінші орын аламын деді. Ары-бері жүрді, бәрі жақсы еді. Мен төмеде отырғанмы, түсіп кеткен едім. Ол да түсті, оның досы Альмир қолғабын, бәрін киіп үлгерген. Шықты, біріншісін өткізді, келді. Екінші раунд, екінші раундта бітті”, – дейді қайтыс болған спортшының жаттықтырушысы Эльвин Агаев. 

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда “Батыр” кешенінде өткен Nomad MMA жарысында жасөспірімнің көз жұмғанын хабарлаған едік. Жарыс кезінде түсірілген видеоны мына жерден көре аласыз. 

Талқылау