Ақтауда донер жеп уланған екі жасар қыз ауруханада көз жұмды
Ақтауда тамақтанған уланған екі жасар қыз ауруханада көз жұмды. Қыздың ата-анасы сәбидің өліміне дәрігерлер кінәлі деп санайды.
Бұл турал tumba.kz хабарлайды.
Сезім Жұмахан ауруханада жатқан кезде тиісті ем-домды алмаған. Қыздың әкесі Аслан Нәбиевтің айтуынша, 1 желтоқсан күні төрт жасар ұлы Аслан мен екі жасар қызы Сезім қаладағы 7 ықшамаудандағы кафелердің бірінен шаурма жеген. Түнде екі бала да іштерінің ауырғанын айтыпты.
“Біз 2 желтоқсан күні “жедел жәрдем” шақырдық. Бізді жұқпалы аурулар ауруханасына алып барды. Қызымды қабылдап, регидрон бере бастады. Әйелім қыздың қасында қалған. Мен ұлым екеуміз 1 ықшамаудандағы ауруханаға кеттік. Әйелім хабарласып ешкімнің келіп емдемей жатқанын айтып шағымданды. Ал төрт сағаттан соң әйелім мен қызымды үйге жібере салған”, – дейді Аслан Нәбиев.
Балалар келесі күні қайтадан ауыра бастайды. Қызын алып барған әйелге тағы да ешкім келмей қояды. Реаниматолог баланың ауруын түк те емес деп бағалап жансақтау бөліміне алмаған. Тек әйел ақша төлейтінін айтқаннан кейін барып, балаға қарай бастайды. Қыздың температурасы 34 градусқа жеткен кезде, дәрігерлер қызды жансақтау бөліміне орналастырған.
“3 желтоқсан күні әйелім екеуміз қызымызды көргіміз келді. Алайда бізді ем жүріп жатыр деп жібермей қойды. Сосын түн ортасында ғана шақырып кіргізді. Ол кезде қызымыз сап-салқын бөлмеде киімсіз жатыр екен. Біздің киіндіру туралы өтінішімізге олар құлақ аспай қойды. Таңғы 05:00-те хабарласып жағдайының нашарлағанын айтты”, – дейді әкесі.
Өкінішке қарай осыдан көп өтпей-ақ, олар ауруханадан қыздарының денесін алып шыққан. Ата-анасы дәрігерлер қызды үйге қайтарып жібермей, лайықты ем жасағанда мұндай қайғыға душар болмас едік дейді.
Аурухананың бас дәрігері болса, олардан шу көтермеулерін сұрап, дәрігерлерді жазалайтындарын айтқан. Алайда қайтыс болған қыздың ата-анасы дәрігерлердің заң аясында лайықты жазасын алғандарын қалайды.
Оқи отырыңыз:
Ақтау тұрғынының қуаттағышта тұрған телефоны жарылып жанып кетті
Қарағандылық қыз дүкенде азғындық жасап тұрған ер адамды көрді
Елімізде интернет-дүкендердің алаяқтығы әшкере болды
Өскеменде қызды құтқару үшін әскери қызметкер мұз қатқан Ертіс өзеніне секірген