Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда шұңқырдағы қайнаған суға бала күйіп қалғанына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтауда 11 жасар бала көшедегі қайнаған су шұңқырына түсіп, тірідей қайнап кете жаздады. Осы жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Денесінің төменгі бөлігін 2 және 3-дәрежелі күйік шалған бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Анасының хабарлауынша, бала мектептен қайтып келе жатқанда тайып кетіп, шұңқырға құлап кеткен. Ал ол жылу трассасының жарылуы салдарынан пайда болған.

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер баланы шұғыл түрде ауруханаға жатқызды. Кішкентай науқастың жағдайы қазір ауыр деп бағаланып отыр.



Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Коммуналдық қызметкерлердің айтуынша, құбыр жарылған сәтте бала құлап, бәрі бір сәтте болған.  

“Коммуналдық апат туралы сигнал сағат 19:35-те түсіп, 20 минуттай уақытта ақауды жою үшін оқиға орнына бара жатқанда, бала құлап кеткен. Біздің мамандар оқиға орнында таңғы сағат 4-ке дейін жұмыс істеді. Ата-аналардан шағым түскен жоқ”, – деді Ақтау ҚЖСА мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары Ержан Жеңісұлы. 

Еске салсақ, Ақтауда жылу желілеріндегі апат салдарынан бала қатты күйік алған еді

Талқылау