Ақтауда рейс 15 сағатқа кешігіп, әуе компаниясына айыппұл салынды
Air Astana әуе компаниясына Ақтауда рейс 15 сағатқа кешіккені үшін айыппұл салынды. Жолаушылардың құқықтарын Маңғыстау көлік прокуратурасы қорғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ir.airastana.com
Ақтау әуежайында өз рейсін 15 сағат күткен және Air Astana әуе компаниясынан толық қызмет алмаған жолаушылар ресми түрде Маңғыстау көлік прокуратурасына шағым түсірді.
Маңғыстау көлік прокуратурасы жолаушылардың өтінішін қарап, жолаушыларға тиісті қызметтер көрсетілмегені расталды. Прокуратура жолаушылардың шағымын тексеру барысында әуе компаниясы заңнама талап еткен қызметтерді ұсынбағанын анықтады.
Атап айтқанда, жолаушыларға қонақүй, тамақтану, ана мен бала бөлмесі және әуежайдан қалаға дейінгі тасымалдау қызметтері көрсетілмеген.
Прокуратураның актісі негізінде Air Astana әуе компаниясына әкімшілік жауапқа тартылып, 1 846 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда әуе рейсін кешіктіргендерге жаза қатаңдатылып, айыппұл 2 есе артатынын жаздық. Көлік министрлігінің дерегіне сенсек, рейс мәртебесі өзгерген жағдайда тасымалдаушының өз міндеттерін орындамауы немесе тиісті дәрежеде атқарылмағаны үшін айыппұлды 400 АЕК-ке (1 452 800 теңге) дейін ұлғайту ұсынылды. Айта кетейік, 2025 жылы 1 АЕК – 3 932 теңге болады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылда қайталанған бұзушылық үшін айыппұл көлемі 2 000 АЕК (7 264 000 теңге) мөлшерінде болуы керек. Қазір бұл көрсеткіштер екі есе аз.