Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда ресейлік турист шұбат ішуден жарысып таңғалдырды

Ақтауда қала күні мерекесіне орай шұбат ішуден жарыс өткізілді. Жарыс қаладағы Ақбота саябағында ұйымдастырылған.

Бұл туралы “Тумба” хабарлайды.

Шұбатты жылдам ішуден үміткерлер арасында колледж бен жоғарғы оқу орындарының студенттері де болған. Талап бойынша қатысушылар екі литрге жуық түйе сүтін тауысуы тиіс. Қатысушылар бәйгеге түсіп жатқанда ұйымдастырушылар бұл сусынның пайдасын да түсіндірген.

Құрамында темір, кальций, магний, фосфор сынды элементтері бар бұл сусын туберкулез, асқазан ауруларына, тыныс жолына, жүйке жүйесіне таптырмас ем.

Конкурсқа ресейлік турист Константин де қатысты. Ол өзінің достарымен бірге қалаға велосипедпен келіпті. Алғаш рет дәмін татып көрген қонақтарға шұбат қатты ұнапты. Дегенмен сайыста ресейлік саяхатшы жеңіске жеткен жоқ. Дегенмен ұйымдастырушылар оған батылдығы үшін арнайы сыйлық табыстаған.

Оқи отырыңыз:

Оралда кондуктор 10 теңге үшін оқушыны аялдамадан түсірмей қойған

Қостанайлық полицейлер 10 жасар баланы анасының рұқсатынсыз көлікке отырғызып әкеткен

Алматыда күйеуімен ажырасқан әйел екі айдан бері балаларымен далада түнеп жүр

Атырауда әйелдер колониясы басшысының орынбасары парамен ұсталды

Талқылау