Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда полицейлер ұшақ апаты болған орынды түсіргені үшін фотограф Азамат Сәрсенбаевты ұстады

Блогер Азамат Сәрсенбаев желідегі парақшасында апат орнында жүргенін көрсетті. Алайда Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ орнын түсіргені үшін фотографты полиция ұстап әкетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Азамат Сәрсенбаевтың Instagram парақшасынан

Блогер өзінің Instagram парақшасында апат орнында жүргенін көрсетті. Кейін бәз біреулер өзінің соңынан түскенін жеткізді. 

Блогер өзін полицейлердің қалай тоқтатқанын да түсіріп жүрді. Басында “көлік айдап келе жатып телефон ұстап отырсыз” деген полицейлер кейін блогерді ұстап әкеткен.

"Мені ұстап әкетті. Ақтау қаласының полиция бөлімшесіне бара жатырмын", – деп жазды ол.

Блогер өзін телефон ұстағаны үшін емес, ұшақ апатын түсіргені үшін ұстағанына сенімді. Фотограф осы тұста өзі түсірген суреттерді әлемдік БАҚ-тың қолданып жатқанын жеткізді. 



Еске салсақ, Ақтау маңында ұшақтың құлағаны туралы хабарлаған едік. Ұшақта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апаттың алдын ала себебі оның құстарға соғылуынан екені айтылды. Өкінішке қарай аман қалғандардың тізімінде қазақстандықтар жоқ.

Талқылау