Ақтауда науқас аурухана терезесінен секірмек болды (видео)
Ақтауда Маңғыстау облыстық ауруханасында науқас өзіне қол салмақ болып, оны қызметкерлер құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Науқас төртінші қабаттың терезесінен секірмек болған. Алайда дәрігерлер дер кезінде жақын жерде болып, ер адамды матамен орап, аман алып қалды.
Видео желіде тарап кетті.
Облыстық полиция департаменті оқиға орнына полицейлердің жеткенін хабарлады. Қазір олар ер адамды палатасында күзетеді.
Науқас 52 жаста. Өз-өзіне қол салуға әйелімен жанжал себеп болуы мүмкін деген болжам бар.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті