Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда қозғалыс кезінде бірнеше көлікпен шоу жасаған жастар жауапкершілікке тартылды

Фото: Желі кадрларынан скрин

Ақтауда қозғалыс кезінде бірнеше жеңіл автокөлік төбесіндегі люктен шығып, Қазақстан мен АҚШ-тың туларын бұлғаған жолаушылар жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қалалық полиция қызметкерлері жастардың бұл әрекетін әлеуметтік желілерден анықтады.

"Әлеуметтік желілерді бақылау барысында жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзған TOYOTA CAMRY маркалы 960AHV12, 9696B1, 283SFA12 мемлекеттік нөмірлі автокөліктердің жүргізушілері мен жолаушылары анықталып, жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады Ақтау қалалық полиция басқармасы. 



Түсіндіру бойынша, жол-патрульдік инспекторлар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Бұл баптың 1-тармағына сәйкес, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамағаны үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

STAN.KZ
Сейсенбі, 24 Маусым, 2025 09:41
Талқылау