Ақтауда шопыр жолаушыларды көлік төбесіне отырғызып тасыды (видео)
Ақтауда жолаушыларды көлік төбесіне отырғызып алып тасымалдаған жүргізушіге полиция айыппұл салды.
Көлік шатырына адам отырғызып алғаны үшін, енді жүргізуші 11 345 теңге төлеуі тиіс. Бұл бес айлық есептік көрсеткіш ретінде қабылданған шешім. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі растады.
Облыстық ІІД мамандарының айтуынша, “Газ 31029” жүргізушісі әкімшілік құқық бұзушылық аясында жауапқа тартылған.
“Тексеру нәтижесінде жүргізуші ҚР әкімшілік кодексі 593 бабы 1 бөлімі аясында жауапқа тартылып, 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) айыппұл салынды”, – деді баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз:
Таразда дәретханаға тасталған баланы асырап алмақшы болған жұп ұлды болды
6 баланың анасы ішкиімсіз көйлек киіп қазақстандықтарды таңқалдырды (фото)
Әйелін ұрып-соғатын ер азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды
Дәрігерлер бүйрегін алып қойған ақтөбеліктің отбасы шағымдарынан бас тартты