Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда қатты жел аялдаманы ұшырып түсіріп, адамдардың үстіне құлаған (видео)

Ақтауда дауыл кезінде аялдама құлап, салдарынан екі адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Ақтауда табиғи апат болды. Соның кесірінен бағдаршамдар істемей, жолдар опырылды., үкендердің шатыры құлады. Секундына 50 метрден асатын дауыл тіпті автобус аялдамасын құлатып кетті. Салдарынан 52 жастағы әйелдің сегіз қабырғасы сынған.

Сапасыз құрылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

“3 адам жедел жәрдем бөлмесіне жеткізілді. Екеуі де қаладан. Үшіншісі Құрық ауылындағы әскери бөлімнен. Науқастың екінші қабырғасынан тоғызыншы қабырғасына дейін және оң жақ білегі сынған. Ол ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа ауырлықта. Екеуі үйлеріне жіберілді”, – деді Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімінің менеджері Қайрат Нұралиев. 

Мердігердің айтуынша, аялдама инженерлік желілерді жөндеуге байланысты сонау шілде айында бөлшектелген. Компания басшылығы зардап шеккен адамға барды. Компания өкілінің айтуынша, оған материалдық көмек көрсетіледі.

“Әрине, кінәміз бар, енді барып анықтап алайық. Жоқ, әрине, оны қамтамасыз ету керек еді, бірақ көрдіңіз бе, ол Достық үйінің аумағында тұрды, қоршалған сияқты. Сіз ол жерге адам көтеріледі деп ойламайсыз. Ол сонда барды, жасырынғысы келді. Бір орында тұрып, құлап қалды”, – деді “Алматы инжстрой” АҚ ҚФ директоры Сәкен Бердібаев. 

Қатты желден жеті электр желісі ажыратылды. Оның үшеуі қаланы электр қуатымен қамтамасыз етеді. 10-нан астам шағын аудан электр қуатынсыз қалды. Бағдаршамның жұмыс істемеуі салдарынан көлік қозғалысы да қиындады. Мектептерде сабақ қысқартылды. Синоптиктердің болжауынша, ертең де жел күшейеді.

Еске салсақ, Астанада қатты соққан жел жаңа аялдаманы ұшырып әкете жаздаған еді. 

Талқылау