Ақтауда ер адам кіреберісте ілулі тұрған әйелдің ішкиімін ұрлап кеткен (видео)

Маңғыстау облысының орталығы Ақтауда тұрғын үй подъезінде кептіріліп тұрған әйелдер ішкиімінің ұрлануына байланысты тексеру басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға сәті түсірілген бейнежазба жергілікті Instagram-пабликтердің бірінде жарияланды. Кадрлардан ер адамның подъездегі кептіргішке жақындап, әйелдерге арналған бюстгальтерді абайлап шешіп алып, пакетіне салғаны, кейін оқиға орнынан кетіп қалғаны көрінеді.
Аталған жағдайға Маңғыстау облысы полиция департаменті түсініктеме берді. Құқық қорғау органдары бұл дерек бойынша тексеру басталғанын мәлімдеді.
"Бейнежазбада бейнеленген ер адамның жеке басы анықталып жатыр. Тексеруден соң оның әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
- Ақтөбеде бетін тұмшалаған екі қыз дүкен сөресінен бірнеше смартфонды ұрлап кетті (видео)
-
Алматыда ер адам пәтердегі сейфті ұрлап, троллейбусқа мініп қашпақ болған
Еске салайық, бұған дейін түркістандық келін енесін тонап, ақшаны құмар ойынға жұмсағанын жазған едік. Полиция басқармасына жергілікті тұрғын әйел өзінің үйінен алтын бұйымдар мен ақша ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінген. Мәліметтерге сенсек, тәжірибелі қызметкерлерден арнайы тергеу-оперативтік топ құрылып, барлық қажет іс-шаралар жедел түрде жүргізілген.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды