Ақтауда Димаш Құдайбергеннің қатысуымен өткен концерттегі қыспақта адамдар зардап шекті
Ақтауда Димаш Құдайбергеннің қатысуымен болған концерт кезінде ондаған адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Lada.kz
Маңғыстау облыстық жедел медициналық қызмет мәліметінше, барлығы 41 адамға көмек көрсетілген. Оның ішінде, есінен тану, пышақ жарақаты, бір инсульт пен бір жүрек ритмі бұзылу дерегі бар. Пышақ жарақатын алған азаматқа көмек көрсетіліп, амбулаторлық ем алу үшін үйіне жіберілген.
Ал полицейлер есінен танған балалар мен жасөспірімдерді жағалауға шығарған. Адамдардың көп жиналуына концертке Димаш Құдайбергеннің қатысуы себеп болған.
Сондай-ақ 100-ден аса бала ата-анасынан адасып қалған, олардың ең үлкені 15 жаста. Барлық ата-аналар табылыпты. Полиция жоғалған балаларды орналастыру үшін арнайы киізүй тігіпті.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"