Ақтауда бұрынғы қызын ұрып-соққан ер адам ұсталып, оған екі айып тағылды
Маңғыстау облысы полиция департаменті Ақтауда көшеде бұрынғы қызын ұрып-соққан ер адам ұсталғанын мәлімдеді. Олардың сөзінше, ер адамға ұрлық жасау және дене жарақатын салу бойынша қылмыс жасады деген айтып тағылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция департаментінің дерегіне сенсек, бұл оқиға барысында әйел адамды ұрып-соғып, оның жеке мүлкін тартып алған. Оқиға туралы ақпарат полицияға хабарланғаннан кейін жедел-іздестіру шаралары басталып, ер адам бірден ұсталды.
“Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Ал тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Тергеушілер қылмыстың мән-жайларын анықтап, қосымша құқық бұзушылықтарды тексеріп жатыр”, – делінген полиция хабарламасында.
Айта кетейік, желіде бұл жағдай сотталған экс-министрдің қылмысымен ұқсастығына байланысты ер адамды "Бишімбаевтың ізбасары" деп атаған.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда бір ер адам әйелді жұрттың көзінше ұрып-соққанын жазған едік. Бұл оқиға сыртқы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеодан ер адамның қызды бетінен ұрып, құлатқаны көрінеді.
Деректерге сүйенсек, жәбірленуші мен шабуылдаушы бұрын қарым-қатынаста болған. Бірақ ер адам үнемі сүйіктісіне қол көтере берген соң, онымен айырылысып кеткен. Жәбірленушінің достарының айтуынша, сонда да бұрынғы жігіті қызды үнемі соңынан аңдып, қорқытып, ұрып-соғады екен. Полиция бұл факт бойынша тергеу жүргізіп, оқиғаға қатысушыларды анықтап, сотқа дейінгі тергеу бастады.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді