Ақтауда бойжеткен 18-қабаттан құлап қаза тапты (видео)

Ақтауда қыз тұрғын үй кешеннің 18-қабатынан құлап, қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 18 қазан күні таңертең 17-шағынауданда орналасқан Green Plaza тұрғын үй кешенінде болған. Қыздың денесі кіреберіс есіктің маңынан табылған.
"Жұмыстан үйге қайтып келе жатқан едім, аулада полиция көліктерінің жылдамдықпен өтіп жатқанын көрдім. Не болғанын көру үшін жақындадым. Алғашында ештеңе түсінбедім, бірақ кейін полицей көлігінің артына өткенімде, жерде қыздың мәйіті жатқанын байқадым. Ол кіреберіс есіктен бар-жоғы бір метр қашықтықұа құлап түскен екен", – деді куәгер.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған факт бойынша іс қозғалып, тергеу басталғанын мәлімдеді.
“Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша тергеу басталды”ғ – делінген хабарламада.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"