Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдіктінің фотороботы жасалды
Ақтау полицейлері 6 жасар қызды ұрлап әкетіп зорлаған күдіктінің фотороботын жасады. Күдікті ақ түстес Daewoo Nexia көлігімен жүрген.
Бұл туралы Лада хабарлайды.
«20 тамызда түскі 12-13:30 аралығында азиат келбетіндегі ер адам 6 жасар бүлдіршінді “Приморский” ауылына алып кеткен. Ол қызды зорлап, ағаштардың арасына тастап кеткен. Қала тұрғындары осы уақытта жағажайжан өткен болса, көліктерінің бейнетіркеуіштерін қарап шығуын сұраймыз. Аты-жөніңіз құпия сақталады. Күдікті шамамен 35-45 жаста, мұртты ер адам болуы мүмкін», – дейді Ақтау ІІБ басшысының орынбасары Асхат Омаров.
Қандай да бір ақпараттарыңыз болса, мына нөмірлерге хабарласа аласыз: 47-48-10, 47-48-11, 47-48-52, 47-48-29, 47-48-26, 47-48-02.
Бұған дейін Ақтауда 6 жасар қызды ұрлап әкетіп зорлап кеткенін, бүлдіршіннің ауыр халде жатқанын хабарлаған едік.
Жіберіп алмаңыз:
6 жасар бала анасын зорламақ болған ер адамнан құтқарам деп көз жұмды
Есікте бір қызды жабылып зорлаған топ жігіттің екеуі ұсталды (видео)
БҚО-да 10 жасар қызды зорлаған сотталушы түрменің дәретханасында асылып қалған