Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған болуы мүмкін деген адамның видеосы табылды (видео)

Ақтауда алты жасар қызды зорлап, әбден жарақаттаған ер адам болуы мүмкін делінген бейнежазба желіде пайда болды.

рьтпиамв

Онда ер адамның 1 ықшам ауданда орналасқан “Иваныч” дүкеніне қалай кіргені байқалады. Осы уақытта шамасы алты жастардағы қыз бала сыртқа шығады. Ер адам да дүкенде көп тұрмастан, дереу қыздың ізінен шығып кеткен.

Бейнежазбаны полицейлер дүкеннің бейнебақылау камерасынан шығарып алған. Тәртіп сақшылары бұл видеоның кеңінен таралып, күдіктінің жылдам табылуына ынта білдіруде.

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға 20 тамыз күні Ақтау қаласындағы №1 ықшам ауданда болған. 6 жасар қыз күндізгі уақытта жоғалып кетеді. Алғашында 2,5 сағаттай өздері іздеп таба алмаған соң ата-анасы полицияға хабар берген. Полицейлер қансыраған бүлдіршінді жағажайдың бірінен тауып, балалар емханасына жеткізген.

Осыдан соң полицейлер ізі суып үлгермеген бірнеше қылмыскерді қолға түсірді. Қылмысқа байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Полицейлер ата-аналардан балалары жоғалған жағдайда өздері іздеп уақыт жоғалтпай дереу полицияға хабар беруін сұрайды.

Жіберіп алмаңыз:

Баланы зорлықтан қалай қорғауға болады

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдіктінің фотороботы жасалды

Талқылау