Ақтауда адамды жабылып соққыға жыққандардың арасында полицейдің ұлы бар

Ақтауда "Pinta" мейрамханасының жанында болған төбелесте бес адам бір азаматты аяусыз соққыға жықты. Күдіктілердің бірі құқық қорғау органының қызметкерінің ұлы екені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақтау қаласында құқық қорғау органының қызметкерінің ұлы "Pinta" мейрамханасының жанында 25 наурыз күні болған қатыгез соққыға қатысқан бес адамның қатарында болғаны анықталды.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті іске туыстық байланыстардың ешқандай әсер етпейтінін бірден мәлімдеді.
"Лауазымына және байланыстарына қарамастан, барлық күдікті заң алдында жауап береді", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Оқиға таңғы сағат шамамен бесте болған. Бес адамның ішінде екі ер адам ерекше қатыгездік танытып, жерде жатқан азаматтың басынан тепкілеген. Барлық күдіктінің жеке басы анықталған. Олардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
- Қарағандыда қызды жабылып соққыға жыққан жасөспірімдердің бірінің анасы айыппұл арқалады
-
Атырау түрмесінде сотталғандардың арасында төбелес шығып, біреуі көз жұмды
Еске салайық, бұған дейін Шымкенттің Қаратау ауданының әкімі Алмас Абаев футбол алаңында ер адамды ұрды деген күдікке ілінді. Әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты оған қатысты тәртіптік іс қозғалып, қызметтік тергеу басталды. Істі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі комиссиясы қарап, оның әрекетіне құқықтық баға береді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?