Ақтауда 11 жасар бала екі тәуліктен бері табылмай жатыр
Ақтауда 11 жасар Нұрислам Мамбеков екі тәуліктен бері табылмай жатыр. Баланы іздеуге құқық қорғау органдары мен "Lider.kz" ұйымының еріктілері жұмылдырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Lada басылымының мәліметінше, Нұрислам Мамбеков 4 қарашада 16:35 шамасында "Ақтау" сауда орталығынан шығып, жоғалып кеткен.
Айрықша белгілері: дене бітімі орташа, бойы 150-155 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр, бетінде қалы бар.
Нұрислам үстіне қою көк түсті күртеше мен ақ жолағы бар қара түсті шалбар киген. Сонымен қатар сөмкесі мен киімдері салынған пакеті бар.
Еріктілер жоғалған бала туралы ақпарат білетін азаматтардан келесі нөмірге хабарласуды сұрайды: +7 700 499 72 92, +7 700 729 20 12 немесе 102.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"