Ақтауда 11-қабаттағы ашық балконда жүрген балалар жұртты шошытты (видео)

Ақтауда 11-қабаттың ашық балконында қоршауға мініп, тепе-теңдікті сақтап ойнаған балалар тұрғындардың үрейін ұшырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Куәгерлер түсірген бейнежазбада екі кішкентай қыздың биік үйдің балконындағы қоршауға отырып алғаны көрінеді. Жандарында бірде-бір ересек адам болмаған. Қауіпсіздік ережесі ескерілмеген. Бір ғана қате қимыл жасағанда қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін еді.
Маңғыстау облысында 2025 жылдың басынан бері балалардың терезеден құлауына қатысты 8 жағдай тіркелген. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың толық жылдық дерегінен (5 жағдай) жоғары.
"Мұндай қайғылы оқиғалар ересектердің салғырттығынан болады. Қазір балалар жазғы демалыста, қауіп күшейе түседі", – деді ТЖД профилактика басқармасының басшысы міндетін атқарушы Мейірбек Исаев.
Тұрғындарға мынадай ескерту жасалды:
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар;
- Терезелерге қауіпсіздік шектеуіштер орнатыңыздар;
- Балалардың ашық терезе мен балконға жақындауына жол бермеңіздер.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойлаймыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен