Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 11 айлық баланың өкпесінен шемішкенің қабығы табылды

өкпе

Ақтауда дәрігерлер бірнеше ай бойы бронхиалды астма диагнозымен емделіп келген сәбиді аман алып қалды. Алайда аурудың себебі өкпеде болған бөгде заттар екені анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Проктолог-эндоскопист әлеуметтік желілерде 11 айлық баланың жөтелмен және бронхиалды астмаға күдікпен ауруханаға түскенін хабарлады. Сәби шамамен төрт ай бойы осы диагнозбен дәрігерлердің бақылауында болған.

Алайда баланың жағдайы күрт нашарлап, қатты ентігу пайда болған. Ол шұғыл түрде ауруханаға жатқызылып, қабылдау бөлімінде рентген жасалды. Түсірілім өкпеде бөгде зат бар екенін көрсетті.

Бронхоскопия барысында дәрігерлер тағы бір бөгде затты – күнбағыс дәнінің қабығын анықтады. Дәрігердің айтуынша, металл зат ұзақ уақыт бойы астма белгілерін "жасырған", соның салдарынан бала басқа аурудан емделген.

Барлық бөгде заттар алынғаннан кейін баланың жөтелі толықтай тоқтаған. Дәрігер егер жағдайы нашарламағанда, бала өкпесінде бөгде затпен өмір сүруін жалғастыра беруі мүмкін екенін атап өтті.

Назархан Уән
Жексенбі, 08 Ақпан, 2026 17:22