Ақтау әуежайында 1 келі есірткіні жұтып, асқазанында тасымалдамақ болған шетелдік азаматтар ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті әуежайда есірткіні жұтып, тасымалдамақ болған шетел азаматтарын ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰҚК
21 ақпанда Ақтау халықаралық әуежайында Маңғыстау облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарашылармен өзара әрекеттесіп, есірткі тасымалдау күдігі бойынша екі шетелдік азаматты ұстады.
“Рентгеноскопиялық зерттеу кезінде олардың іш қуысында бөгде заттардың бары анықталды. Арнайы медициналық процедуралармен шетелдіктердің асқазандарынан героин және синтетикалық есірткі бар 30-дан астам контейнер алынды. Алынған заттардың жалпы салмағы – шамамен 1 келі”, – деп мәдімдеді ҰҚК.
Сот шешімімен күдіктілерді қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес ҰҚК өзге ақпарат жарияланбайды.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтау әуежайында 300-ге жуық есірткі контейнерін жұтып қойған екі шетелдік ұсталғаны хабарланған еді.