Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақсуатта өнер көрсеткен Төреғали Төреәліні 25 мың халық 10 сағат бойы күтті

Танымал әнші Төреғали Төреәлі Ақсуат өңіріне концерт қойды. Алайда өнер иесі халықты ұзақ күттірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/toregalitoreali/

Айта кетейік, үш күннен бері Ақсуатта дүбірлі той өтіп жатыр. 

“Мен Алматыдамын. Алматыға келе сала жұмыстарды бастап кеттік, әзірге Ақсуаттағы концерттегі қызықтарды бөлісейін. Халқым мені, мен халқымды сағынып қалыппыз. Аллам абыройдан айырмасын ", – деп жазды әнші. 



Алайда эстрада жұлдызы халықты ұзақ күттіргенін жасырмады. 

“Көптен күткен Төреш ағаны 10 сағат бойы тік тұрып күтіп тұрды. 25 мың халық 20.00-ден бастап күтті. Осындай керемет эмоция сыйлаған жандарға мың алғыс", – деген тыңдарманының пікірін де желіде жариялады өнер иесі. 

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі "тапсырыспен полицейлерге ән арнады" дегенді жоққа шығарды. 

Талқылау