Ақшаны оңды-солды шашпайтын 12 танымал тұлға (фото)
Көпшілігіміз адамның жәй-күйінің жақсы болуы оның зәулім үйі, қымбат көлігі, басқа да байлығымен тікелей байланысты деп түсінеміз. Бірақ, ақша әркез адам өмірінде басты рөлді ойнай бермейді.
Бұл туралы AdMe.ru жазады.
Осы ретте миллион, миллиардтаған ақшасы бар екеніне қарамастан, қаражатын оңды-солды шаша бермейтін жұлдыздарды ұсынамыз.
Хэлли Берри
“Мен жиі үнемдеймін. Себебі күндердің күнінде мансабымның аяқталар сәтін жиі ойлаймын”, – дейді ол. Оны қарапайым дүкендерден азық-түлік сатып алып жүрген жерінен үнемі кезіктіруге болады. Онымен қоймай Голливуд жұлдызы қоғамдық көліктің қызметін пайдаланады.
Кейт Миддлтон
Ол қарапайым киімді тек үйде ғана емес, көпшілік алдына шыққанда да кие береді. Оның бұл ісі өзінің көптеген әріптестеріне де үлгі болған көрінеді.
Мэттью Макконахи
Кәсіби мансабында біртіндеп биікке көтерілген, ақша мен уақыттың қадірін түсінген актер, үлкен үйде тұруды армандамайды да. “Зәулім үй энергия мен көп назар аударуды талап етеді” дейді ол.
Сара Джессика Паркер
Сара Джессиканың киім ілгіші көптеген танымал актрисалармен салыстырғанда жұпыны көрінуі мүмкін. Бірақ, ол өзі көп ішінен ерекшеленіп тұрмайтын киімдерге құмар. “Тіпті ұлымның өзі немере ағасының киімдерін киеді. Ал анам менің ағамның киімдерін сақтап қойған. Демек, мен ұлыма киім сатып алып әуре болмаймын”, – дейді актриса.
Киану Ривз
Актер өз қаламақысына тым құнығып кетпейді. “Матрица” фильміндегі қаламақысының 85 пайызын оператор, гример, костюмерлерге таратып беріпті. “Мен тапқан ақшалар маған толықтай жеткілікті. Оған жүздеген жыл өмір сүруге болады”, – дейді Ривз. Соған қарамастан оны қымбат мейрамханалар емес, қарапайым саябақтардан жиі кезіктіруге болады.
Джулия Робертс
Голливудтің ең танымал әрі табысты, сұлу актрисасы қарапайым киініп, қолы бос кезде бақшасын суғарып, ал түсірілім арасында балаларына киім тігіп те үлгереді. Ол бірде қонақүй бөлмелеріндегі сусабынды жиі пайдаланып қалатынын да айтқан еді.
Дженнифер Лопес
Дженнифер Лопес бірде әйгілі тұсаукесерге қатысу үшін қызыл кілем жайылған шараға құны 26 доллар тұратын көйлек киіп келген. Ал Forbes мәліметі бойынша актрисаның байлығы 34 млн доллар.
Хосе Мухика
Уругвайдың бұрынғы президенті әлемдегі ең кедей президент саналады. Ол ресми резиденцияда тұрудан бас тартып, сүйікті фермасына көшіп келген. Бұл жерде ол әйелімен бірге гүл сатады. Жалақысының 90 пайызын қайырымдылыққа жұмсайды. “Мені бәрі кедей дейді. Бірақ мен өзім олай ойламаймын. Кедейлер – өзінің құлқыны үшін жұмыс істейтіндер. Олар тапқан үстіне таба берсем дейді”, – деген еді бірде ол.
Тори Спеллинг
90-жылдардың жұлдызы бірнеше жыл бұрын сән-салтанаты келіскен үйін сатып, қарапайым баспанаға көшіп келген. Үй жанындағы бақшада ол көкөніс пен жеміс-жидек өсіреді. Ол үй жағдайында өмір сүріп, бала тәрбиесімен айналысуды қалайды.
Ингвар Кампрад
IKEA-ның негізін салушы, әлемдегі бай адамдардың бірі эконом-класспен ұшып, қара базардан киім алып, кешегі күнге дейін 1993 жылы шыққан Volvo көлігін айдаған.
Джоан Роулинг
Миллиардтаған байлығы бар жазушы әйел, тыныштықта, ешкімнің көзіне түспей өмір сүруді қалайды.
Леди Гага
Ол сахнада тек ғана қымбат дүниелерді тұтынатын, арзанды менсінбейтін жан болып көрінуі мүмкін. Ал өмірде ол жеңілдікпен сатылатын киімдерді іздеп киіп, өз қолымен ас әзірлегенді ұнатады.
Оқи отырыңыз:
Шешенстан елі Мьянма мұсылмандарын қорғау мақсатында жаппай шеруге шықты (видео)
70 жастағы зейнеткер Атлант мұхитын қайықпен үшінші рет жүзіп өтті
“Әке, мені өлтірші!” деп әлемге айғай салған бала қажылығын өтеді (видео)
Үндістанда піл өзімен селфи жасамақ болған адамды таптап кетті (видео)