"Ақшамызды ұрлаттық": Роза Әлқожа шетелде саяхаттап жүріп, қиындыққа тап болды
Танымал әнші Роза Әлқожа Европадағы саяхатының қалай өтіп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/roza_alqozha/
Өнер иесі саяхатынан түрлі фото мен видео жариялап, басынан өткен қызық оқиғаларды баяндап берді.
"Алматы-Стамбұл-Венеция-Котор-Миконос-Санторини-Анкона-Венеция-Милан-Венеция-Милан-Үргеніш-Ташкент-Алматы сапары түрлі қызықтарға толы болды. Төрт апа, бір ата, бір бала, бір бойжеткенмен бірге он сағат жол жүріп жеткен Венециядағы алғашқы әсер, судағы қаланы аралау, гандоласына міну ерекше болды! Грецияның қалаларын аралағанда да ел көрген бәрібір көкжиегіңді кеңітетінін сезінесің”, – деп жазды әнші.
-
"Арзанның сорпасы татымайды": Роза Әлқожа ақылы мектептердің жай-күйін айтып берді
-
"Жаныңмен қайғы болып жатырсың": Роза Әлқожаның денсаулығы сыр берді
Сондай-ақ, шетелде түрлі кедергілерге тап болғанын айтты.
Өзге елдің тұрмыс-тіршілігі, еркіндігі өз өзіңнен зерттеу мен зерделеуге мүмкіндік береді. Алланың қалауымен бәрі де болды. Миконоста ақшамызды ұрлаттық. Венециядан ұшқалы тұрғанда бір бірімізге сеніп паспортымыздың Миланда қалып қойғанын түсіндік. Алған билетіміз күйіп кетті, жолаушылар кетті, біз қайта Миланға пойызбен бара жаттық. Енді үйге аман-есен жетуге нәсіп етсін", – деп жазды өнер иесі.
Еске салайық, Роза Әлқожа халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың орындалмаған арманын айтты.