"Ақшам жоқ деген – өтірік": Ерке Есмахан сыйлық бермейтін еркектерге қатысты ойын айтты

Әнші Ерке Есмахан күйеулерінен сыйлық алмайтын әйелдерге кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әнші Instagram желісінде сұрақ-жауап айдарын ашып, оқырмандарымен сырласты.
"Қыздар, расын айтқанда, еркекті үйретудің қажеті жоқ. Нені қалай жасау керегін табиғатынан-ақ өздері біледі. “Қолымнан келмейді, гүл сыйлай алмаймын, мен ондай еркек емеспін, ақшам жоқ” деген нәрсе – өтірік. Сондықтан жарты жолға келгенде, үйт-бүйт дей алмайсыз-ау. Фокусты өзіңізге бұрыңыз, өзіңіз өсіңіз. Жақсы көрген адам темпіңізге ілеседі", – деп жазды Ерке Есмахан.
-
"Жыл тойын" жасаймыз деп едік": Ерке Есмахан жоспарының іске аспай қалғанын айтты
-
"Барлық қымбат дүкенге кірдік": Ерке Есмахан Дубайдағы демалысын көрсетті
Еске салайық, өнер иесі өздеріне сыйлық сыйламайтын әйелдерді сынаған еді.
“Қыздар, неге өздеріңізден үлкен букетті аяйсыздар! Сосын күйеуім ештеңе сыйламайды деп ренжисіздер. Мен мысалы, “неге ағашын түбімен жұлып әкелмедің” деп еркеледім”, – деген еді әнші.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады