4,5 миллиард теңге жымқырды делінген OrdaMed басшысы Еркін Длімбетовке іздеу жарияланды

"OrdaMed" АҚ басқарма төрағасы Еркін Длімбетовке қатысты іздестіру ісі қозғалды. Оған ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастамасымен Астанада іздеу жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметінше, іздестіру карточкасына сай, Еркін Длімбетовке қатысты іздестіру ісі 28 қаңтарда Астана қаласында тіркелген.
"Іздестіруді бастауға Ұлттық қауіпсіздік комитеті бастамашы болған. Іздеу жұмыстарын комитетке қарасты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіп жатыр. Істің өзге мән-жайлары жария етілген жоқ", – делінген хабарламада.
Фото: ҰҚҚ
- Жекеменшік емхананың директоры Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 80 миллион теңгеге жуық қаражат ұрлаған
-
Esentai City құрылысында жымқыру ісі бойынша сотталған Алмас Әбдіғаппаровтың жазасы жеңілдеді
Еске салайық, бұған дейін OrdaMed басшылығы Қазақстанда өндірілген деп көрсетілген медициналық жабдықтарды шын мәнінде шетелден тасымалдап, мемлекеттік емдеу мекемелеріне заңсыз артықшылықтармен өткізген. Тергеу мәліметіне сәйкес, схема мемлекетке 4,5 млрд теңге шығын келтірген. Қылмыстық іске компания басшысы, танымал кәсіпкер Еркін Длімбетовтің қатысы бар.
"Мобилографты комиссия мүшесі ететіндей Ата заң ойыншық емес қой": Конституциялық реформа комиссиясының мүшесі болған Балтабаев тағы да көпке жақпай қалды