Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Ақша төлеуің керек": Желі қолданушысы Баян Мақсатқызының жобасын сынады

Фото: Жеке парақшадан алынды

TikTok қолданушысы танымал продюсер Баян Мақсатқызының жобасын сынап, ренішін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік, продюсер "Алтын ханым-2025" шоуына қатысуға 3 мың әйел өтініш білдірген еді. Алайда олардың 27-сі ғана іріктеуден сүрінбей өтті. 

"Баян Мақсатқызы неліктен жобасына тек блогерлер мен бизнесмен әйелдерді қатыстырады?! Ол онсызда танымал емес пе?! Өзімнің 1 метр 80 сантиметрлік бойыммен барлық стандартқа сай келемін деп ойладым. Бірақ ең бірінші әлеуметтік желіде оқырмандарың болуы керек екен. Одан кейін қатысу үшін ақша төлеуді талап етеді", – деп жазды Сұлушаш есімді келіншек. 



Сонымен қатар, желі қолданушысы мұндай жобалар жаңа жұлдыздарды шығару керек екенін де айтты.

"Мисс Қазақстан" қарапайым қыздар өзінің жұлдызын жаға алатын жоба болуы керек. Ал біздің елде бойы кішкентай болса да модель болып жүргендер бар", – деді желі қолданушысы.

Еске салайық, продюсердің "Қазақ аруы-2024" байқауы да халық сынына ұшырап, әділетсіз өткенін жазған едік. 

@beautyhair.01

Что касается Баян Максаткызы, она всегда даёт советы девушкам. Почему бы ей не попросить девушек, которые занимаются обычной работой, участвовать в таком конкурсе — ведь они тоже могли бы принять участие? Вот что я хотела сказать.

♬ Headlock - Imogen Heap
Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 30 Сәуір, 2025 10:19
Талқылау