"Ақша шығаруға көмектескен": Перизат Қайраттың анасы да қаржы жымқырды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады
Әлеуметтік желіде Перизат Қайраттың анасы қаржы жымқырды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kozachkov offside Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Перизат Қайраттың Instagram парақшасынан
14 қарашада ерікті Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілінген еді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, еріктінің анасы Ғайни Алашбаева қызына қазақстандықтардың көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге жинаған қаражатын шығаруға көмектескен..
Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің мән-жайды сұрап білді.
Агенттік бұл ақпаратты растамады, бірақ жоққа шығарған жоқ.
"Біз бұл ақпаратты ресми түрде берген жоқпыз", – деп жауап берді агенттік.
Еске салайық, бұған дейін ерікті Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілінгенін жаздық. Ведомство оның заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталғанын алға тартты. Ол Палестинаға жиналған қаражаттан тағы 200 миллион теңге жымқырған. Осылайша Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынды.