Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақша мен атақ жанын бұзбаған танымал жұлдыздар (видео)

Ақша, атақ, мансап! Аты аталған дүниелердің жетегінде кетіп, адамгершілік пен мейірімділікті шетке ысырып қоятын жұлдыздарды көріп жүрміз. Мейрамбек Бесбаев айтқандай, басына берілген бақты екінің бірі көтере алмайды.  Алайда жақсылықтың жаршысы болып, қолдан келгенше айналасындағыларға көмектесіп жүрген танымалдар да аз емес.

Stan.kz назарларыңызға ақша мен атақ жанын бұзбаған танымалдар тізімін ұсынады.

Қайрат Нұртас пәленбай мың долларға костюм тіктіріп, бағалы киімдері мен заттарын тыңдармандарына үлестіруді әдетке айналдырғалы қашан?! Әнші сый жасаған азаматтардың басым дені жастай тағдыр тауқыметін тартқан, арбаға таңылған балалар. Бұдан бөлек, жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, Қайрат науқас балаларға көңіл бөлуді ұмытқан емес. Хитмен өзімен кездескісі келетін бірталай баланың арманын орындаған-ды. Халық Қайрат жасаған жақсылықтың бірін білсе, екіншісін білмес.

Айтпақшы, Қайраттың “Өкініш” атты фильміне түскен кішкентай Мұқасан бүгінде арамызда жоқ. Ауыр дертке шалдыққан бала өмірмен ерте қоштасты. Ал фильмнен алынған мына кадрлар Мұқасанның ата-анасына мәңгілік естелік болып қалды.

Осы киноны түсірмей тұрып, Ақтауға Мұқасанды іздеп үйіне барған болатынбыз. Анасының көз жасы тура осылай көл болып, шырылдаған ана жүрегі жүрегімізді тербемей қоймады. Мүмкін киномызға түсірсек, көмек ұшын беретін тағыда кісілер табылып қалар деген ой болды.Шынымды айтсам Қайраттан көмек сұрап xабарласатын кісілердің есебі жоқ. Қайрат жалғыз, xалық өте көп. Хабарласатын кісілер тек мен көмек сұрап тұр екенмін деп ойлап кейде бергенімізді азсынып, ренжіп жатады. Бір Алла жар болсын, барша балапандарымыз ауырмасын, аман болсын!

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Тәуекел Мүсілім! Қыздардың жүрегін жаралағыш сері жігіттің шын мәнінде жүрегі жұмсақ, ниеті ақ. Бұл жігіт ешкімге айтпастан қарапайым жандарға жақсылық жасағанды ұнатады. Өзі де “көбінесе қызқұмар жігіттің рөлін сомдағаныммен, өмірде басқамын” деп жиі айтады. Естеріңізде болса, Тәуекел тұрмыстық жағдайы төмен отбасыдан шыққан қызға оқу грантын тарту еткен болатын. Сондай-ақ, актер жігіт Алматы облысында тұратын тағы бір отбасыға көмек көрсеткен-ді. Алайда бұл істерін Тәуекел жұртқа жария еткен емес. Тәуекелден сый алған жандар Stan.kz тілшісіне хабарласып, актерге деген ризашылығын білдірген болатын.

Қазақ кинематографиясындағы тағы бір сымбатты жігіт Асылхан Төлепов те қайырымды азаматтардың қатарында. Естеріңізде болса, актер өзінің үйлену тойында “гулянкадан” бас тартып, жетімдерге арнап ас берген болатын. Жақын араласатын достарының айтуына қарағанда, Асылхан құпия түрде талай жанға көмек қолын созған.

Жас әншілерді демеп, шақырған жерден қалмауға тырысатын Сәкен Майғазиев нағыз жақсылықтың жаршысы! Әнші қайырымдылық жасаудан аянып қалған емес. Аязды күні талай жанды үйіне жеткізіп салған Сәкенге жолаушылардың айтар алғысы шексіз. Бұдан өзге, Майғазиев ұдайы садақа беріп, жетім-жесірлерге көмектесіп отырады. Олардың кейбірін жария садақа түрінде, енді бірін жасырын күйде жасайды.

Әнші Заттыбек Көпбосынұлы ауылдастарына намазхана салып берген. Мұнысын жасыруға тырысқанымен, ризашылығын білдіргісі келген жұрт жағымды жаңалықты желі арқылы бөліскен. Бұдан өзге, Көпбосынұлы жетімдерге арнап дастархан жайып, бірнеше рет қайырымды ісімен көзге түскен еді.

Әлемге әйгілі актриса Анджелина Джоли Камбоджада фильм түсіріліміне қатысқаннан кейін қайырымдылықпен айналыса бастады. Ол аталған елде кедейшілік пен аштықта өмір сүріп жатқан адамдарды көріп, қатты таңғалған. Түсірілім аяқтала салысымен Пәкістаннан қашып кеткен азаматтарға көмек ретінде 1 миллион доллар ақша аударды. Бұдан кейін үшінші деңгейдегі елдерді аралап, гуманитарлық көмек көрсете бастады. Бас-аяғы тұрмысы төмен 20 елде болып қайтты. Актриса жыл сайын табысының бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсап отырады. Бұдан өзге, Джоли балаларды және қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын бірнеше қоғамдық қор құрған.

Әлемге әйгілі актер Леонардо Ди Каприо тапқан-таянғанын қоршаған ортаға жұмсап әлек. Актер міне 20 жылға жуық уақыттан бері қоршаған ортаны қорғаумен айналысып келеді. 2014 жылы БҰҰ елшісі қызметіне тағайындалған Ди Каприо былтыр қоршаған ортаны қорғауға 20 миллион доллар қаражат бөлді. Бұл – рекордты көрсеткіш.

Жіберіп алмаңыз:

Тәуекел Мүсілім Жанар Дұғаловамен кездесіп жүргенін жоққа шығарды

Арман Дүйсенов қайраткер атанғанына орай дүркіретіп той жасады (фото)

Тағдырдың еркесі: Танымал нумеролог Төреғалидің адал әрі сенгіш жан екенін айтты

Түсіпбаева: Алагөзова тракторшы мен сиыр туралы фильм түсіре берсін, ұлттық қазынаға тиіспесін

Талқылау