Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақша айырбастау пункттері доллар қабылдаудан бас тартуда: Ұлттық банк маңызды мәлімдеме жасады

Ұлттық банк ақша айырбастау пункттерінің 1996-2013 жылдар аралығындағы шығарылған АҚШ долларларын айырбастаудан бас тарту фактілері бойынша азаматтардан түсетін шағымдардың жиілеп кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Ұлттық банк аталамыш банкноталардың заңды төлем құралы болып табылатынын және олардың түпнұсқалығы расталған және зақымдануы болмаған жағдайда Қазақстанның айырбастау пункттерінде комиссиясыз қабылданатынын атап өтті. 

“Егер банкноталар бүлінбеген болса және айналыста жарамсыз деп танылмаған жағдайда ҚР заңнамасында қолма-қол шетел валютасын айырбастау үшін комиссиялар көзделмеген. Айырбастау пункттері алынатын комиссияны айырбастауға қабылданатын банкноталар төлемге қабілетсіз немесе одан әрі айналысқа жарамсыз болған жағдайда ғана белгілеуі мүмкін екенін атап өтеміз”, – делінген хабарламада. 



Ұлттық банктің мәліметінше, егер айырбастау пункті комиссия алса немесе шетел валютасын шыққан жылына қарай қабылдаса, валюта айырбастаудан негізсіз бас тартса, сол айырбастау пункті орналасқан жердегі ұлттық банктің аумақтық филиалына шағымдану қажет. 

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық банк Швециядағы қор активтерін қайтарғаны туралы жазған едік. 

Талқылау