AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақша аудару ойымда жоқ": Марғұлан Сейсембай "Қазақстан халқына" қорын сынға алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында елімізде "Қазақстан халқына" қоры құрылды. Қазірдің өзінде кәсіпкерлердің қолдауымен аталмыш қорға 100 млрд теңгеден астам қаражат жиналған. Десе де Тоқаев қорға қаржы аудармай жатқан кәсіпкерлердің барын ашып айтқан еді. 28 қаңтарда Алматыда өткен кездесуде ол қорға әлі ақша аудармаған бай-бағландарды сынға алған. Мемлекет басшысы олардың бұл әрекетін ашкөздік пен селқостық деп бағалаған. Алайда танымал бизнесмен Марғұлан Сейсембай бұл сөздермен келіспейді. Қорға ақша аудару ойымда жоқ деген ол Stan.kz тілшісіне бұл шешімінің себебін айтып берді.

Маргулан 2022

Бұрынғы биліктің тұсында байымағанын айтқан Сейсембай “үкімет көмек көрсетудің орнына бүкіл байлығымды тартып алды” дейді. Бұған қоса ол қорға ақша аудармай-ақ халыққа жәрдемдесіп жүргенін алға тартты. 

"Бұл қорға ақша аудару ойымда жоқ, өйткені бұрынғы биліктің тұсында байығаным шамалы. Керісінше, бұрынғы үкімет менің бүкіл байлығымды тартып алды. Ал өзімнің халқыма зекет, садақа, қайырымдылық пен білім жүйесі арқылы жеке көмектесемін", –  дейді кәсіпкер.

Марғұлан Сейсембай "Қазақстан халқына" қорының түпкі мақсаты мүлдем басқа екенін айтады.



"Менің ойымша, бұл қор бай-бағландардың бұрынғы билік тұсында жинаған байлықтарын халық алдында заңдастырудың бір жолы үшін ғана құрылған", –  деп түсіндірді ол.

“Қор экономикалық мәселелерді тиімді шешуге көмектесе ме?” деген сұраққа кәсіпкердің жауабы мынадай болды.

"Қор қаншалықты үлкен болса да, ол қазіргі қоғамдағы мәселелердің жарты бөлігін ғана шешуге көмектеседі. Ұзақ жылдар бойы мемлекеттің өзі шеше алмаған мәселелерден халықты ешқандай қор құтқара алмайды. Мұндай түбі тесік қорларды құрудың орнына, мемлекет пен бюджетте тәртіпті қалпына келтіру маңызды. Ал мұның барлығы саяси реформалар жүргізілгенде ғана мүмкін болады. Басқа жол жоқ", – деп түйіндеді Сейсембай.

Бұған дейін “Қазақстан халқы” қорынан тиісті көмекті қалай алуға болатыны туралы жазылған болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр