АҚШ-тың ең әдемі қылмыскері мен миллионердің қызы ата-ана атанбақшы
АҚШ-та ең әдемі қылмыскер деп аталатын Джереми Микс пен Topshop қожайынының қызы Хлоя Грин сәбилі болады. Ғашықтардың кездесіп жүргені туралы қауесет 2017 жылдың шілде айында белгілі болды. Олардың түрік жағалауында демалып жүрген сәтін әуесқойлар суретке түсіріп алған.
Бұл туралы Buzzfeed басылымы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Микс қазан айында өзін түрмеден күткен әйелін тастап, онымен ажырасып кетті. Бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасында бір баласы бар.
Ал АҚШ-тың ең сұлу қылмыскерімен көңіл қосқан миллионердің қызы Хлоя алғаш рет ана болайын деп отыр. Көп ұзамай ғашықтар үйлену тойын өткізуді жоспарлап қойған.
2014 жылы полиция қызметкерлері Facebook-та Джереми Микстің суретін жариялаған болатын. Желідегі қылмыскердің суреті 100 мыңнан аса пайдаланушыға ұнаған. Ал Джереми сол кезден бастап АҚШ-тың ең әдемі қылмыскері деп таныла бастады. Ол заңсыз қару мен оқ-дәрілерді ұстағаны үшін қамауға алынып, 27 айға түрмеге жабылған.
Дегенмен, Джереми Микс түрмеден шыққаннан кейін модельдік агенттікке шақырту алды. Содан бері ол бірнеше сән апталығына қатысып, белгілі Philipp Plein брендінің жұлдызы болды.
Оның сүйіктісі Хлоя Грин атақты Topshop қожайынының қызы. Forbes-тың көрсеткіші бойынша, еш жерде жұмыс істемейтін Хлояның есепшотында бес миллиард долларға жуық ақша бар екен.
Оқи отырыңыз:
Наоми Кэмпбелл өте жіңішке мұрны үшін күлкіге қалды
Кемеровадағы өрт: Кинозалдың есігін кім кілттегені белгілі болды
Боянбаған американдық әншіні ешкім танымай қалды
Танымал Корей әншісі өз үйінде өлі күйінде табылды