Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та қазақстандықты атып тастаған полицейге қатысты үкім шықты (фото)

Рэнкин 2015 жылы Портсмут қаласының 18 жастағы тұрғыны Уильям Чэпменді, ал 2011 жылдың сәуірінде қазақстандық Кирилл Денякинді атып тастаған. Бірінші кісі өлімінде полицейден барлық айып алынып тасталды.

20160804102957

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Америкалық полицей Стивен Рэнкинге үкім шығаратын алқа билер соты 12 адамнан: жеті әйел мен бес ер адамнан тұрады. Америкалық полицей өз карьерасында екінші жеткіншекті өлтіргендіктен, АҚШ-та оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Рэнкин өзіне тағылған айыпты мойындамады. Оның сөзіне қарағанда, Чепмен оны ұстау кезінде қарсылық көрсеткен. Полицей жасөспірімді ұстап жатқанда оның беті мен кеудесіне оқ атқан. Екеуі бір минуттай арпалысқан. Полицейдің сөзіне қарағанда, Чэпмен оның электрошокерін тартып алыпты. Қайғылы оқиға түсіп қалған видео алқа билер сотына ұсынылды.

Алқа билер соты полицейді ақтай алады немесе қасақана кісі өлтіруге кінәлай алады, немесе қылмысты бірінші дәрежелі қылмыс, екінші дәрежелі қылмыс деп бағалай алады. Екі құрбанның да қарусыз болғаны анықталды.

Егер алқа билер соты оқиғаны бірінші дәрежелі кісі өлтіру деп тапса, Рэнкинді екінші рет ақтап алады.

20160804104854

Сонымен қатар, Кирилл Денякиннің анасы Елена Денякина қазір АҚШ-та. Қазақстандық әйел сотқа қатысу үшін 6 мың миль жүріп келді. Гардиан басылымы құрбан мен полицейдің аналары – Елена Денякина мен Салли Чепменнің кездесу сәтін суретке түсіріп алды.

Елена Денякина америкалықтың анасына көңіл айтып, осындай қайғылы оқиғаның қайталанғанына өкінішті екенін айтты.

20160804104858

Айта кетейік, “Work and Travel” бағдарламасы бойынша Портсмуттағы қонақ үйлердің бірінде аспаз боп жұмыс істеген 26 жастағы қарағандылық 2011 жылдың 23 сәуірінде қаза тапты. Полиция қызметкері Стивен Д. Рэнкин оны тонаушы деп ойлап, оқ атқан. Сол кездегі сот ішімдікке мас күйінде, қалтасына қол салған Денякиннің өзі кінәлі екенін, полиция қызметкерінің өзін қорғау мақсатында оқ атқанын айтқан. Айтпақшы, полицей Рэнкин Денякинге 11 оқ жұмсаған.

Талқылау