Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі отставкаға кетті

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюм 2025 жылдың 20 қаңтарынан бастап қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Дэниел Розенблюм 2022 жылдың қараша айынан бері Қазақстандағы АҚШ елшісі қызметін атқарып келеді. Ол 2025 жылы өзінің АҚШ мемлекеттік департаментіндегі 28 жылдық еңбек жолын тәмамдайтынын мәлімдеді. 

"Қазақстанда АҚШ елшісі болу – мен үшін өмірімдегі ең үлкен құрметтердің бірі. Мен Қазақстан халқымен жақынырақ танысып, елдің барлық өңірлерін аралап, оның ерекше тарихы жайлы көп нәрсе білгеніме қуаныштымын. Осында тұрған уақытымда елдің бай мәдениеті мен дәстүрлеріне терең құрметпен қарадым", – деді елші Розенблюм. 



АҚШ елшілігі елші Розенблюмнің жетекшілігімен АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріліп, сауда, инвестиция, халықтар арасындағы байланыс, университеттер серіктестігі мен қауіпсіздік салаларында айтарлықтай табыстарға қол жеткізілгенін атап өтті. 

Елші Розенблюм миссияның алдағы жетістіктеріне толық сенім білдіріп, жаңа елші тағайындалғанға дейін миссия басшысының орынбасары Дебора Робинсонның уақытша басшылығына және Алматыдағы АҚШ бас консулы Мишель Еркиннің кәсібилігіне сенім артатынын мәлімдеді. 

Еске салсақ, бұған дейін Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі сырттай алты жылға сотталғаны туралы жазған едік.

Талқылау