Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тың екі аптаға созылған соққыларына қарамастан Иран билігі әлсіреген жоқ – Reuters

Иран билігі әлсіреген жоқФото: ATTA KENARE / AFP 

АҚШ барлау қызметінің мәліметінше, екі аптаға жуық жалғасқан соққыларға қарамастан Ирандағы билік жүйесі жақын арада құлау қаупіне тап болмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттікпен сөйлескен дереккөздердің бірінің айтуынша, көптеген барлау есебінде Иран билігі халықты бақылауда ұстап отыр деген қорытынды жасалған.

Сонымен қатар Reuters мәліметінше, жабық кездесулер барысында Израильдің ресми тұлғалары да бұл соғыс Иранда биліктің ауысуына әкелетініне сенімді емес екенін мойындаған. Бұл туралы агенттікке жоғары лауазымды израильдік шенеунік хабарлаған.

Агенттік америкалық-израильдік әскери науқанның қазіргі билікті қалай құлатуы мүмкін екені әзірге белгісіз екенін атап өтті. Reuters-тің тағы бір дереккөзі мұндай мақсатқа жету үшін жердегі әскери операция қажет болуы мүмкін деген болжам айтқан.


Иран "Хезболланың" әскери операциясын қолдап, Израильге шабуыл жасады

"Әли Хаменеи үшін кек": Хезболла Израильге шабуыл жасады


Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран астанасына соққы жасады. Жауап ретінде Иран Таяу Шығыс өңіріндегі АҚШ базалары мен Израильге зымыран ұшырды. Қақтығыс салдарынан жүздеген адам қаза тауып, елдің жоғарғы басшылығы, оның ішінде аятолла Али Хаменеи де мерт болды. Оның резиденциясы қиратылды.

Хаменеи қазасынан кейін Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) АҚШ әскери базаларына қарсы “тарихтағы ең қуатты шабуыл операциясын” бастайтынын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Дональд Трамп тарапынан қатаң ескертулер айтылды.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі Али Хаменеи қаза тапқан соң уақытша басшылық кеңес құрылғанын хабарлады.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 12 Наурыз, 2026 11:08