Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та тағы бір ірі банк жабылды

12 наурызда Нью-Йорктегі Signature Bank жүйелік қатерлерге байланысты жабылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

банк

Банктің жабылуы туралы АҚШ қаржы министрі Джанет Йеллен мен Федералды резерв жүйесінің басшысы Джером Пауэлл және Үлесті сақтандыру федералды корпорациясының төрағасы Мартин Грюнберг мәлімдеді. 

"Біз де Нью-Йорк штаты, Нью-Йорктегі Signature Bank-ке қатысты жүйелі қатерлер туралы қорытынды туралы мәлімдейміз, банкті жабу жайлы шешімді штат басшылығы қабылдады", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар SVB банкі секілді есепшоттар салымшылар үшін қолжетімді болады. 

Бұған дейін АҚШ-тағы SVB банкі банкрот болғанын мәлімдеген. Банк АҚШ-тағы және Ұлыбританиядағы еншілес компанияларға, Кремний жазығындағы кәсіпорындарға ақша құйған. 

Банктің жабылуына салымшылардың өз ақшаларынан жаппай шығарып алуы себеп болған. Бұл 2008 жылдан бергі АҚШ-тағы ең үлкен банкрот болып отыр. Қазір SVB Үлесті сақтандыру федералды корпорациясына берілді. 

Талқылау