Сайқымазақ бетпердесін киіп адам өлтірген қылмыскер 27 жылдан соң ұсталды
Американың Флорида штатында полицейлерден 27 жыл жасырынып келген сайқымазақ ұсталды.
1990 жылы Велингтон қаласының тұрғыны Марлин Уорреннің үйіне сайқымазақ бетпересін киген адам есік қағады. Сайқымазақ ақ бетперде мен қызыл мұрын тағып, сары парик киген. Ол қолына гүл мен шар ұстаған. Әйел есікті ашқанда сайқымазақ оны атып өлтіріп, көлігіне отырып кетіп қалған. Уоррен екі күннен соң көз жұмды.
Күдік марқұм әйелдің күйеуі Майкл мен көңілдесі Шила Кинге түсті. Оқиға болардан екі күн бұрын белгісіз бір әйел дәл сол сайқымазақ киімін сатып алғаны анықталды. Ал, оқиға болардан 90 минут бұрын супермаркетке кіріп гүл мен шар сатып алған.
Сатушы оның Шила Кин екенін таныған. Алайда тергеушілер оның кінәлі екенін дәлелдей алмай, іс екі жылдан соң жабылды.
2014 жылы тергеу қайта басталды. Куәгерлерден қайта жауап алынды. Әйелі қайтыс болған соң Майкл Уоррен мен Шиле Киннің үйленгені белгілі болды. Олар Теннеси штатына көшіп, ол жақта мейрамхана ашқан. Тергеушілер айғақ заттарын қайта сараптамадан өткізді. ДНК сараптамасы сайқымазақ киімін киген адамның Шила Кин екенін айғақтады. Полицейлер 26 қыркүйек күні Шила Кинді ұстады.
2016 жылы сайқымазақ киіміндегі әлдекімнің мейрамханада 19 жастағы жігітті пышақтағаны хабарланған еді.
Тағы да оқыңыз:
Топпен бірге мыңнан аса қыз зорлаған азаматтың әйелі зорланған қыздардың өзін кінәлады