АҚШ-та оқып келген қыз “Болашақ” бағдарламасы орталығын сотқа берді
8 жыл бұрын АҚШ-та "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алып келген Майгүл Садықова "Болашақ" Халықаралық бағдарламалар орталығын сотқа беретінін мәлімдеді.
"Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығын сотқа беремін деп шештім. Менің АҚШ-тан оралғаныма 8 жыл өтсе де, олар Павлодар облысы, Ақсу қаласындағы менің анамның пәтерін ауыртпашылықтан босатар емес. Олар бұл ретте менің "Әлеуметтік жұмыс" дипломды мамандығыммен жұмыс істемегенімді алға тартады. Иә, мен ЖШС-да аудармашы болып жұмыс істеп, сосын өзімнің тіл бойынша курсымды аштым. Сосын өз мамандығым бойынша ЕНУ-да магистратура оқыдым. "Астана Опера" театрында аудармашы болып қызмет еттім. Әлеуметтік саладан қанша тырыссам да жұмыс таба алмадым, бұл менің кінәм емес. Ең бастысы өз елімде 5 жыл жұмыс істедім", - дейді Майгүл Садықова Фейсбуктегі парақшасында. "Еліміз шындықты білуі тиіс. Ұйым жұмысқа тұру бойынша бірде-бір рет көмек бермегеніне қарамастан, келісім бойынша талап етеді. Менің курсымда оқыған оқушылар мен студенттер де менің қарамағымда қалай оқығандарын айтып бере алады. Керек болатын болса Халықаралық бағдарламалар орталығының небір ағылшынша қақпайтын жастарды шетелге жібергенін, олардың ол жақта қалай қыдырғанын да білемін. (Оларға бізден де жоғары шәкіртақы төлегендігін де анықтау керек)", - дейді ол. "Кез-келген жағдайда жанжалды қалайтын болсаңдар, мен оған дайынмын!", - деп атап өтті ол. Еске салсақ, жақында ғана "Болашақ" бағдарламасы бойынша үлкен дау туындап, оның басшысы Жанболат Мелдешов қызметінен уақытша шеттетілген болатын. Кейін ҚР білім және ғылым министрлігі Мелдешовтың қызметіне қайта оралғанын мәлімдеген. Оқи отырыңыз: Мәсімов шпиондардың Қазақстанның құпия құжаттарын қалай ұрламақ болғанын айтты Қазақстанда баланы мектепке апару шығыны қанша болады? Қазақпын деп жылаған қыз анасының сынағынан сүрінбей өтті (видео) Алматыда баласын көлігінің жүксалғышына салып тасыған жүргізуші жазаландыТалқылау