Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та оқыған жігіт қоқыстан миллиондап пайда табуда (видео)

Қоқыстан да пайда табуға болады. Биыл Петропавл тұрғыны Қайыржан Айсин өзі үшін жаңа істі қолға алды. Кәсіпкер тұрмыстық және өндірістік қалдықтар полигонында сұрыптау кәсіпорнын ашты.

жігіт

Кәсіпкер stan.kz  сайтының өңірдегі тілшісене өз кәсібінің сырын ашты.

Петропавл тұрғындары күніне орта есеппен 150 тонна қоқыс шығарады. Сол тұрмыстық қалдықтың 75 пайызын кәдеге жаратуға болады екен.

Күн сайын қалалықтар пайдаланған азық-түліктің қалдықтарын қоқысқа лақтырып жібереді. Алайда, бұл дайын шикізат екенін бәрі біле бермейді. «Вторсырье» серіктестігі Петропавл бойынша осы қатты қалдықтарды жинаумен айналысады. ЖШС күніне 2 тонна қоқыс жинайды.

Қайыржан Айсин биыл «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына жүгініп, 20 млн теңге несие алды. Бұл қаражатқа ол, қоқыс бастыру және сұрыптау құрылғыларын иеленді. Қоқыс, сұрыбына сәйкес қаптарға салынады. Бұл үрдіс автоматты түрде жүргізіледі. Оны инженер мамандар қадағалап отырады. Кәсіпорын орналасқан полигонға айына 30 тонна өндірістік және тұрмыстық қалдықтар жеткізіледі. Барлық қоқыс іріктелінеді. Бүгінде кәсіпкер Қайыржан Айсин  кәсібін кеңейтпекші. Әзірге, бизнесмен 4 түрлі қоқысты сұрыптауда. Ол алюминий, шыны, пластмас және қағаз материалдары. Кәсіпкердің болашақта полиэтилен пакеттерін іріктеумен айналыспақ ойы да бар.

«Біз қайталама шикізатты сатып алумен айналысамыз. Петропавлда серіктестігіміздің 4 қабылдау пункті қызмет етіп келеді. Барлығы қоқыстың 7 түрін қабылдаймыз. Сондай-ақ, қағаздарды қабылдаудың 50 пункті жұмыс істеп келеді. Макулатураның бір келісіне 15 теңге төленеді. Бұл кәсіптен 2 айдың ішінде 2 – 2 жарым млн теңге табуға болады. Әзірге, кәспорынның жылдық қуаттылығы 30 мың тонна, оны 50 мыңға дейін өсіреміз деп жоспарлап отырмыз»,-дейді «Вторсырье» ЖШС директоры  Қайыржан Айсин.

Бүгінде Қайыржан Айсин 15 адамға жұмыс беріп отыр. Олардың Орташа жалақысы 60 мың теңге. Петропавлда мына қондырғы арқылы күніне 2 тонна қоқыс сұрыпталынып, зауыттарға жөнелтіледі.

Қайыржан Айсин  Ресейдің Қорған облысы, Петухово ауылының тумасы. Қазақстанға 2004 жылы көшіп келген. Ағасы екеуі Петропавлда білім алған. Мектепті тәмамдағаннан соң, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін 2008 жылы заңгер мамандығы бойынша аяқтаған. Ол АҚШ-тың  Майами қаласына «Work and Travel» бағдарламасы бойынша жұмысқа барған.

АҚШ-та 3 жыл  қатарынан болған азамат, онда даяшы болған. Сол кезде  мейрамханалардың бірінде қоқыс іріктеумен айналысқан. Мұндай кәсіп Қазақстанда көрмеген ол, елге оралысымен жаңа кәсіпті ашуға бет бұрды.  Міне  тура қазір оның кәсібі табысқа да шыыққан.

Оқи отырыңыз:

Таксист ақылды студенттерді тегін тасып жүр

Егеуқұйрықты жатақханадан жан ұшыра қуған студент қыздардың әрекеті желіні “жарды” (видео)

Белгілі кәсіпкер павлодарлық полицейлерге 5 млн теңгеден сыйлады

Қазақстан шоу-бизнесіне жаңа әнші қосылды

Талқылау