Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та оқудың алғашқы күні жасөспірімдер жанжалдасып, мектеп дәретханасында оқ атты

АҚШ-та Джоппатаун орта мектебіндегі оқудың алғашқы күні 16 жастағы жасөспірім 15 жасар оқушымен жанжалдасып, мектеп дәретханасында оқ атты. Салдарынан зардап шеккен оқушы қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: New York Post

Округ билігінің айтуынша,16 жастағы жасөспірім 15 жасар Уоррен Кертис Грантты жарақаттаған. Оқиғадан кейін оушылар оны дәлізге алып шыққан. Кейін мектеп медбикелері көмек беріп, содан кейін оны тікұшақпен Балтимордағы Джонс Хопкинс ауруханасына апарған. Алайда кейін оқушының көз жұмғаны белгілі боды.

“Ал қаруланған жасөспірім жақын маңдағы тұрғын үй кешеніне барып, жасырынатын орын іздеп есіктерді қаққан. Бірнеше минуттан кейін кінәлі ұсталып, қамауға алынды”, – деп хабарлады полиция.



Осыған ұқсас оқиға Джорджияның солтүстігіндегі Апалачи мектебінде де болды. Жасөспірім Колт Грей төрт оқушыны атып, тоғызын жарақаттаған болатын. 

14 жастағы Колт Грейге төрт бап бойынша айып тағылып, ересек адамның қылмысы ретінде бағаланды.

Енді Джоппатаун мектебіндегі 16 жастағы жасөспірімге де жаза ересек адам ретінде қаралады.

Талқылау