АҚШ-та көлікте қалған 15 айлық егіздер күннің ыстығынан шетінеп кетті
Джорджия штатының Карролтон қаласында күн астында тұрған көліктің ішінде қалдырылған егіздер шетінеп кетті. Екі сәбидің көлік ішінде қозғалыссыз жатқаны туралы хабар полицияға 4 тамыз күні келіп түскен.
Оқиға орнына келген құқық қорғаушылар олардың әкесін ұстаған. Әкесі 15 айлық қыздарын суық бассейннің көмегімен тірілтпек болған. Көршілері әкенің қолына қыздарын көтеріп, үй ішінде жүгіріп жүргенін көрген. Артынша ер адамға балаларына бей-жай қарады деген айып тағылып, қамауға алынған.
Ал анасы бұл уақытта Карролтонның маңайындағы Атланта штатында болған екен. Әзірге егіздердің нақты неден қайтыс болғаны ресми жарияланбаған. Десе де, медициналық тексеру олардың ыстықтың әсерінен қаза тапқанын анықтаған. Каррлтонда ауа температурасы 4 тамыз күні 32 градусқа дейін көтерілген болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Егіздердің төлқұжатында фотолары ұқсас болғандықтан шетелге жіберілмеді
Шымкентте жоғалып кеткен 17 жастағы егіздер үйлеріне оралды
53 грамм салмақпен туылған панда егіздері алғаш рет көпшілікке көрсетілді (фото)
Тоқтар мен Бейбіттің тұңғышы дүниеге егіздер келетінін бірнеше жыл бұрын айтқан