Шымкентте жоғалып кеткен 17 жастағы егіздер үйлеріне оралды
Шымкентте 28 шілде күні жоғалып кеткен 17 жастағы Асан мен Үсен үйлеріне оралды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

“Егіздерді полиция қызметкерлері 2 тамыз күні теміржол вокзалы маңынан тапты. Олар аман-сау. Барлық жағдайы дұрыс. Қазіргі таңда олар үйлерінде”, – деп хабарлады департамент.
Полицейлердің айтуынша, осы уақыт ішінде қайда болғандарын, не үшін кетіп қалғанын ағайындылар түсіндіріп бере алмаған.
“Мамандандырылған емдеу мекемесіне оларды орналастыра алмадық, себебі ата-аналары рұқсат бермеді. Бұл егіздер осымен тоғызыншы рет үйден кетіп қалып тұр”, – деп хабарлады ІІД.
Еске сала кетсек, 17 жастағы егіздердің жоғалып кеткені туралы 1 тамыз күні кешке белгілі болған. Асан мен Үсен үй жанынан су алып кетуге шыққаннан кейін, қайтып оралмаған.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады